Мероприятие » Страница 22 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Аудандық олимпиада
05
апрель
2022
Аудандық олимпиада
2022 жылдың 5 сәуір күні  аудан орталығында біздің  Е.Сиқымов атындағы орта мектептің базасында  7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математикалық  бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.  Олимпиадаға аудан бойынша 130 оқушы қатысса, біздің мектебімізден 8 оқушы қатысқан еді. Соның ішінде  6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.  Химия пәнінен   7-сынып оқушысы  Төлеген Абылай І орын,  жетекшісі  А.Маукенова, математика пәнінен 8-сынып
"Көңіл кдомжаттығулары" атты психологиялық тренинг сабақ
19
март
2022
"Көңіл кдомжаттығулары" атты психологиялық тренинг сабақ
Танысу сәттері Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатында PIZZA тапсыратын оқушылармен "Көңіл кдомжаттығулары атты психологиялық тренинг сабақ өтті. Тренингтің мақсаты:оқушылардың оқу қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіру. Оларды қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту. Кедергілерден қалай оңай өтуге болатыны жайлы қызықты ойын тапсырмалары көрсетілді. Тренинг сабақ өз
"Көрісу күні-береке күні" атты сынып сағаттары
14
март
2022
"Көрісу күні-береке күні" атты сынып сағаттары
Амал күні қазағым көріседі Көрісу, бұл көненің желісі еді Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал бол деліседі Көріседі көңілдер жібісін деп Көріседі тасысын ырысың деп Көріседі көк мұзды жібісін деп Көріседі оң болсын ырысың дегендей Оқушыларды  қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында 14 наурыз күні метебімізде  сыныптарда "Көрісу күні-береке күні" атты сынып сағаттары
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
14
март
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
«Қазақта ауруын жасырған өледі»   деген нақыл сөз   бар. Ендеше  жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақта үздіксіз ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Осыған орай мектебімізде 3-ші  наурыз күні мектеп оқушылары  ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұғым қалыптастыру арқылы адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында мектепішілік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өлең
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2022
1 наурыз - Алғыс айту күні
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай- ақ, оның ойы мен іс- әрекетіне, жасаған істеріне баға беруі.Алғыс пен ризашылық білдіру, өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай мектеп жанындағы интернат оқушылары жаратқан жарық дүниеден бастап, барлық жақын жандарына, ұстаздарына, тәрбиешілеріне  деген ыстық ықыластары мен ризашылық сезімдерін  білдірді.
«Жігіт сұлтаны 2022 » байқауы
25
февраль
2022
«Жігіт сұлтаны 2022 » байқауы
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыра отырып, әр баланың бойындағы қабілеттерін, ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыруға,  ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектепішілік  жоспарға  сай 2-4 және 5-8 сынып, 8-10 сынып  оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны 2022 » байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Жігіттеріміз
"Аяласаң, табиғатты аяла! " тақырыбында мектепішілік сыныптан тыс тәрбие сағаты
23
февраль
2022
"Аяласаң, табиғатты аяла! " тақырыбында мектепішілік сыныптан тыс
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 23 ақпан күні "Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет" жобасы аясында "Аяласаң, табиғатты аяла! " тақырыбында мектепішілік сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында мектеп жанындағы интернат оқушылары табиғатқа мейіріммен қарау және қамқорлық жасау туралы көрініс көрсетті. Сонымен қатар оқушылар экологиялық арт - объектілерден пайдалы заттар жасап көрме
«Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысы
21
февраль
2022
«Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысы
21 ақпан күні мектеп жанындағы интернат оқушылары арасында «Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар өздерінің қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне ерекше бейнелермен бейнелеуге тырысты. Олардың салған шыршасы, аққала жасап жүрген балалар бейнесі, түрлі қар мүсіндері – адамға керемет көңіл-кдомсыйлайды. Жас суретшілердің суреттері қиялға бай, әдемі, табиғаттың қысқы ертегідегідей кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген. Бұл
"Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай" атты мәнерлеп оқу сайысы
18
февраль
2022
"Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай" атты мәнерлеп оқу сайысы
Ақпанның 18 күні мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде Мұқағали Мақатаевтың асыл мұрасын келешек ұрпақтың бойына сіңіру, ақын өлеңдерін насихаттау мақсатында "Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыста ақынның өміршең туындыларын, нәзік лирика мен сырға толы жырларын жоғары деңгейде мәнерлеп оқып, І орынды 6 ә сынып оқушысы Алдажарова Дана, ІІ орынды 9а сынып оқушысы  Сырлыбай Ақнұр, ІІІ орынды 8 ә сынып оқушысы Қуанышқызы Мария
"Талаптыға нұр жауар" атты қолөнер көрме-сайысы
17
февраль
2022
"Талаптыға нұр жауар" атты қолөнер көрме-сайысы
17 ақпан күні оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту арқылы эстетикалық тәрбиелеу мақсатында мектеп жанындағы интернат оқушыларының арасында  "Талаптыға нұр жауар" атты қолөнер көрме- сайысы болып өтті. Оқушылар тоқыма бұйымдарды, ағаштарды, түрлі-түсті қағаздарды және т.б заттарды  пайдалана отырып, өздерінің жасаған қолөнер туындыларымен таныстырып өтті. Лучший қолөнер бұйымдарын жасаған оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.