11
октябрь
2023
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың және "Дарабоз" дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік "Ақылдылар алаңы" интеллектуалды сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекетін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-кдомқалыптастыру. Сайысқа 8-10-сыныптар арасында 12 қатысушы қатысып, оқушылар арасындағы тартысты ойынның куәсі болдық. Мектеп оқушыларының интеллектуалды ойындарға қызығушылығы қатты қуантады. Оның дәлелі командалардың ұпай сандарының шамалас болуы. І орынды 8А сынып оқушысы Тәңірберген Шырай, ІІ орынды 9Ә сынып оқушысы Рахымбек Нұрай, ІІІ орынды 8А сынып оқушысы Медейқызы Бағын иеленді.
Алдағы уақытта интеллектуалды сайыс жалғасын таппақ.
Алдағы уақытта интеллектуалды сайыс жалғасын таппақ.