Мектепішілік Қуат Терібаев және Құдаш Мұқашев оқулары » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
10
декабрь
2019

Мектепішілік Қуат Терібаев және Құдаш Мұқашев оқулары

«Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» отдела образования Кербулакского районанде 2019 жылдың 05 желтоқсан күні мектепішілік Қуат Терібаев және Құдаш Мұқашев оқулары болып өтті. Аталған іс-шараға мектептің 5-11-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: талантты жерлес ақындарымыз Қуат Терібаев пен Құдаш Мұқашевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Оқушылар өлеңді мәнерлеп жатқа оқу, прозасынан үзінді жаттау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне қарай өзара сынға түсті.
Байқауға қатысушыларды мектеп директоры Рахат Нығметбекқызы құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында 9Ә сынып оқушысы Шаймерден Нұрай жерлес ақындар туралы слайдтар әзірлеп, көрсете білді. Байқауға қатысушылардың шеберліктерін директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Нұрлыбекова, мектеп кітапханашысы Ж.Мансурова және 9Ә сынып оқушысы, аудандық Құдаш Мұқашев оқуларының жеңімпазы Н.Шаймерден бастаған қазылар алқасы бағалады. Байқаудың сарапшылары талапкерлер өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, орындау шеберлігіне, сахналық мәдениетіне баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша Құдаш Мұқашев оқулары бойынша І орынды Кеңесбай Маржан, ІІ орынды Асқабыл Бүлдіршін мен Сырлыбай Ақнұр, ІІІ орынды Бақберген Лира, Сейсен Баура, Әсет Анель жеңіп алды.
Қуат Терібаев оқулары бойынша І орынды Қуанышқызы Мариям, ІІ орынды Оразбек Ділназ бен Әсет Ақниет, ІІІ орынды Мақатай Әсия, Медейқызы Қымбат, Бейсен Жанар иеленді.
Пән бірлестік жетекшісі А.Н.Кыдырманова