Мероприятие » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
октябрь
2018

Мероприятие

Мәңгілік Ел-мәңгілік тіл

Қазақ тілінің жылдан-жылға көркейіп, қанат жаюына Қазақстан Республикасының әр жеке азаматы да, әрбір мекеме де тікелей міндетті. Е.Сиқымов атындағы орта мектебі қазақ тілінің өркендеуіне жылдар бойы өз үлесін аянбай қосуда. Онкүндік аясында қазақ елін мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстардың өз ана тілдерінде сөйлеуге, туған тілдерін дамытуға толық мүмкіндіктер жасалғаны туралы айтылып, әр ұлт тілдеріне байланысты түрлі шаралар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.

            Тілдер мерекесіне байланысты «Мәңгілік Ел-мәңгілік тіл» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша іс-тәжірибеден өтіп жүрген Д.Қажыкенова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Естаев үш тілде жүргізді. Кеш барысында «Үш би», «Репка», ағылшын тілінде «Жеті лақ» көріністері қойылды. Оқушылар үш тілде өлеңді мәнерлеп, жатқа оқыды. Қорытындысында «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалды. «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» тақырыбында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын ұлтының киімін киіп, салт-дәстүрімен таныстырып, тағамдарын даярлады.  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар дайындалып ілінген сұрақтарға жауап берді.  Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.  Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.