Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтар байқауының мектепішілік кезеңі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтар байқауының мектепішілік кезеңі
31
январь
2024

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтар байқауының мектепішілік кезеңі

Мектеішілік әдістемелік жұмыстыңы жылдық жоспарына сәйкес 30.01.2023 күні «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас педагогтар байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауына жоғары және кәсіби орта білімді , білім мекемесінде үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар 8  жас маман қатысты. Байқау үш кезең бойынша болды.
I-кезең бойынша «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.
II-кезең бойынша «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру
 III-кезең бойынша «Ашық сабақ»
Байқауға қатысушылардың  ашық сабақтары 29-30 қаңтар аралығында өткізілді. Ашық сабаққа байқаудың әділқазы мүшелері қатысып, жас мамандарға ұсыныстарын айтты. Жас мамандар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Эссе жазу барысында педагогтің ойын нақты және дәлелді жеткізуі, ой өрісінің кеңдігі, жаңашылдығы, логикасы, сауаттылығы назарға алынды. Содан кейін жас мамандар байқаудың қорытынды кезеңінде өздерін таныстырды.  Әділқазы алқалары байқау кезеңдерін 1-ден 10-ға дейінгі балдық жүйемен бағалады.
      «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауы нәтижесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Шоранова Талшын III орынды, Оразхан Диана II орынды иеленді. Жас мамандар ашық сабақтың озық үлгісін көрсетіп, байқаудың әр кезеңіне тыңғылықты дайындалған. Мектепішілік байқауда бақтарын сынаған жас мамандарымыз мектеп абыройын аудандық, облыстық байқауларда қорғайды деген үміттеміз.
 «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас мамандар байқауының жеңімпазы Қаиркен Гүлнұр Қаиржанқызы байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!