Мектепішілік «Лучший жас маман-2022» байқауы
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу мақсатында 2022 жылдың 16 наурызда жоспарға сәйкес мектепішілік «Лучший жас маман-2022» байқауы өткізілді.
Байқау 3 кезеңді қамтыды, бірінші кезең – таныстырылым, екінші кезең - пән бойынша ашық сабақтан үзінді. Екінші кезеңде жас мамандардың сабақ берудегі шығармашылығы, мұғалімнің қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құруы бағаланды. Үшінші кезеңде жас мамандар «Өнерлінің өрісі кең» дегендей өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға 5 жас маман қатысты. Жас мамандар аталған кезеңдер бойынша өздерінің жан-жақты білімділігімен, ерекше өнерлерімен көзге түсті. Байқау барысында әр кезеңнің қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы бойынша, информатика пәнінің мұғалімі А.Баймұханмедова I орын, бастауыш сынып мұғалімі М.Дауирова II орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Досымбаева III орынға ие болса, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын МАД тәрбиешісі А.Айтмұхаменбетова, «Ізденімпаз жас маман» номинациясымен педагог-психолог А.Сүйенбаева марапатталды.









