«Лучший сынып жетекші -2020» байқауы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
февраль
2020

«Лучший сынып жетекші -2020» байқауы

11ақпан күні мектепішілік «Лучший сынып жетекші -2020» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, шығармашыл сынып жетекшілерді анықтау.
 Байқауға 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері қатысты. Атап айтатын болсақ, Н.Аманжолды 5 «А» сынып жетекшісі, М.Сейденова 5 «Ә» сынып жетекшісі, Ш.Бейсембаева 6 «А» сынып жетекшісі, Д.Естаев 6«Ә» -сынып жетекшісі, Болат Айым 7 «Ә»- сынып жетекшісі, Г.Самихова 8 «А» сынып жетекшісі, А.Қыдырманова 9 «А» сынып жетекшісі, Б.Досымбаева 10 «А» сынып жетекшісі, Мұқамет Жазиман 11 «А» сынып жетекшісі.
Байқау төрт кезең бойынша өтті.
 1. Таныстыру кезеңі (әрбір сайыскер 5 минут ішінде өзі туралы толық мәлімет береді)
2. «Мен-сынып жетекшісімін» (5 минут) сыныптың және сынып жетекшісінің шығармашылық тұсаукесері (презентациясы)
3.«Шебер класс» сабақты ұйымдастыруда дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану арқылы өткізу (5-7 минут)
4. А-4 форматындағы сынып туралы жарнамалық буклет /сырттай/
 Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 9 «А» сынып жетекшісі А.Қыдырманова, жүлделі ІІ орынды 5 «Ә» сынып жетекшісі М.Сейденова , жүлделі ІІІ орынды 7 «Ә»- сынып жетекші Болат Айым ие болса, басқа сынып жетекшілер алғыс хатпен марапатталды. 9 «А» сынып жетекшісі А.Қыдырманова аудандық байқауға жолдама алды.