16
сентябрь
2020
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде халқы Ассамблеясының орны бөлек. Биыл аталмыш ұйымның құрылғанына 25 жыл. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығы бойынша мектебіміздің директоры, облыстық мәслихат депутаты, "Шонай батыр" БПҰ-ның төрайымы Ибраимова Рахат Нығметбекқызы "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Жұмысыңызға табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз.