«Зерде» ғылыми-зерттеу жобасы
«Зерде» ғылыми-зерттеу жобасы Әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 07 қараша күні «Зерде» ғылыми-зерттеу жобасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулу, қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға 2-7-сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушы оқушылар өз жұмыстарын ереже, талаптарға сәйкес көрсетті. Оқушылардың жұмыстарына талдау жасалып, ұсыныс, пікірлер айтылды. Аудандық кезеңге қатысушы оқушылармызға сәттілік!