Әдістемелік күн » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
16
январь
2025

Әдістемелік күн

Әдістемелік күн
 Әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен біліктіліктерін арттыру, педагог мамандарға білім беруді жүзеге асыру  жағдайында әдістемелік  көмек және қолдау көрсету мақсатында 16 қаңтар күні әдістемелік күн болып өтті.
Әдістемелік күнде «Берілген тапсырмаларды орындамас бұрын, алдын ала мақсаты мен орындалуын нақтылап, нұсқама беру» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Г.Қайркен және «Сыни ойлауы мен зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Кожакаева өткізді. Пән мұғалімдері таныстырылым арқылы іс-тәжірибелерін көрсетіп, практикалық бөлімде педагогтермен топтық жұмыс жүргізді. Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кыдырманова пән мұғалімдеріне осы әдістемелік қолдаудың күнделікті сабақтарында көрініс табу қажеттігін айтты. Мектеп директоры К.Базарбаева мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда және іс-тәжірибе алмасуда өзара сабаққа қатысудың маңызды екендігіне тоқталып өтті.