Шын жүректен мың алғыс! » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2019

Шын жүректен мың алғыс!


 

           2019 жылдың  28 ақпан күні Е.Сиқымов атындағы орта мектебі  мектеп жанындағы интернатында Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен мың алғыс!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны 7Ә сынып жетекшісі А.Суюмбаева мен практикант Д.Қажыкенованың ұйымдастыруымен өткізілді. 

         Әдеби-мерекелік кеште директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Нұрлыбекова  мектеп ұжымын, оқушыларды Алғыс күнімен құттықтады. Кешті «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің ІV курс білім алушысы, практикант Қажыкенова Дамираның жан-жақты ойластыра жоспарлаған жоспары негізінде жоғары деңгейде өтті. өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар «Тілек айту» парағымен бір-біріне ізгі ниеттерін жолдады. Топта отырған оқушылардың алдыларына берілген қима қағаздардағы әріптерді құрау арқылы ашық тәрбие сағатының тақырыбын шығарып, топтық тапсырмалар орындады. Жанат Нұрсұлтан мен Серікқызы Сабина «Ұстазым» әнін айтты. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өлең шумақтарын  жатқа оқыса, Амангелді Абылайхан «Әке-ана», Калмухамбет Әдемі мен Серікқызы Сабина «Астана» деген әндерін айтты. Асқабыл Бүлдіршін мен Бейсен Жанар «Бақтыбайдың әуені» атты күйді орындады. Калмухамбет Әдемі мен Серікқызы Сабина қазақ биін тамылжыта биледі. Кеш соңында қортындылау сөз айтылғаннан кейін 7- сынып оқушылары мен ата-аналары бірге флешмоб биледі. Адам  алғыс пен  ризашылықты  естіген сайын, жақсылық  жасағысы  келіп тұратыны анық. Табиғат  Анаға мейірімді  күні  үшін, аппақ қары  үшін, жақын  адамдарыңа жасаған  қайырымдылығы  үшін, жасаған жақсылығы  үшін  алғыс айтуды  ұмытпайық.

Шын жүректен мың алғыс!