Біз туралы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік педагог»  байқауы
08
апрель
2024
«Үздік педагог» байқауы
    Мектепішілік оқу-тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік «Үздік педагог»  байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқау бойынша  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Сейденова мен тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменовтің
«Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалі
08
апрель
2024
«Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар
Мектепішілік оқу-тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес  мектепішілік «Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалі болып өтті. Байқау мақсаты: білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау.  Байқауға 17 пән мұғалімі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, информатика пәнінің мұғалімі, Ж.Жубаева, биология пәнінің мұғалімі Р.Нүсіп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Сейденова,
Театрдың ғажайып әлемі
29
март
2024
Театрдың ғажайып әлемі
STREAM кабинетінің жоспарына  сай көктемгі демалыс кезінде бос уақытты қамту және  оқушылардың дарындылығын үнемі дамытып отыру мақсатында наурыз айының 29 күні  қосымша білім беру педагогі  телестудия маманы А.Жакупов «Театрдың ғажайып әлемі» атты шығармашылық сабағы өтті. Оқушылар театрдың тыныс тіршілігімен танысты. Бірқатар оқушылар сахналық қойылым көрсетті.
Nobook, phet виртуалды зертханасы
29
март
2024
Nobook, phet виртуалды зертханасы
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 29 күні Химия пәнінің мұғалімі Г.Қайркен  Nobook, phet виртуалды зертханасының қолданылуы тақырыбында практикалық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты Оқу процесін жақсарту мақсатында интерактивті және визуалды құралдар арқылы химия пәнінен күрделі ұғымдарды түсіну мақсатында оқыту үшін Nobook, PhET виртуалды зертханасын пайдалану. Міндеті: әр түрлі химиялық және физикалық құбылыстарды визуализациялауға мүмкіндік
Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM элементтерін қолдану сабағы.
28
март
2024
Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 28 күні А.Нұрбекова  Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM элементтерін қолдану тақырыбында 7-9 сынып оқушыларымен практикалық сабақ өтті. Оқушылардың биологияға, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Биология саласында технология мен техниканың қолданылуын көрсету. Биология сабағында STEM элементтерін қолдану.
Каникулдық мектеп. Балалардың ойлау және  есте сақтау қабілеттерін қалай  арттыруға болады?
28
март
2024
Каникулдық мектеп. Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін
Каникулдық мектептің іс-шара жоспарына және әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес шығармашылық топ жетекшісі Ш.Бейсембаева педагогтармен "Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін қалай арттыруға болады?" тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта  тапсырмалар орындап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Каникулдық мектеп. Дарынды оқушылармен жұмыс.Олимпиада жұмысы
28
март
2024
Каникулдық мектеп. Дарынды оқушылармен жұмыс.Олимпиада жұмысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың каникулдық мектеп іс-шара жоспарына сай "Дарынды оқушылармен жұмыс. Олимпиада жұмысы" тақырыбында педагогтермен әдістемелік күн болып өтті. Іс-шараға сәйкес Ж.Мұқамет таныстырылым жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
27
март
2024
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 27 күні физика пәнінің мұғалімі Ш.Бейсембаева  электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу тақырыбында практикалық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қандай заттардың ерітінділері өткізгіш бола алатынын анықтап, токтың химиялық әсерін бақылады.
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
27
март
2024
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
Каникулдық мектептің іс-шара жоспарына сәйкес 27 наурыз күні директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кыдырманованың ұйымдастыруымен, пән бірлестік жетекшілері және топ мүшелерінің қатысуымен "Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі" тақырыбында әдістемелік күн болып өтті. Әдістемелік күнде пән бірлестік жетекшілері өздерінің пән бірлестік жоспарларына сәйкес алға қойған міндеттерімен және атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 13 Вперед