Әдістемелік жұмыстар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік педагог»  байқауы
08
апрель
2024
«Үздік педагог» байқауы
    Мектепішілік оқу-тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік «Үздік педагог»  байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқау бойынша  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Сейденова мен тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменовтің
«Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалі
08
апрель
2024
«Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар
Мектепішілік оқу-тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес  мектепішілік «Заманауи сабақ педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалі болып өтті. Байқау мақсаты: білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтерді анықтау, қолдау және мадақтау.  Байқауға 17 пән мұғалімі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, информатика пәнінің мұғалімі, Ж.Жубаева, биология пәнінің мұғалімі Р.Нүсіп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Сейденова,
Каникулдық мектеп. Балалардың ойлау және  есте сақтау қабілеттерін қалай  арттыруға болады?
28
март
2024
Каникулдық мектеп. Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін
Каникулдық мектептің іс-шара жоспарына және әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес шығармашылық топ жетекшісі Ш.Бейсембаева педагогтармен "Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін қалай арттыруға болады?" тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта  тапсырмалар орындап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Каникулдық мектеп. Дарынды оқушылармен жұмыс.Олимпиада жұмысы
28
март
2024
Каникулдық мектеп. Дарынды оқушылармен жұмыс.Олимпиада жұмысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың каникулдық мектеп іс-шара жоспарына сай "Дарынды оқушылармен жұмыс. Олимпиада жұмысы" тақырыбында педагогтермен әдістемелік күн болып өтті. Іс-шараға сәйкес Ж.Мұқамет таныстырылым жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
27
март
2024
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
Каникулдық мектептің іс-шара жоспарына сәйкес 27 наурыз күні директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кыдырманованың ұйымдастыруымен, пән бірлестік жетекшілері және топ мүшелерінің қатысуымен "Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі" тақырыбында әдістемелік күн болып өтті. Әдістемелік күнде пән бірлестік жетекшілері өздерінің пән бірлестік жоспарларына сәйкес алға қойған міндеттерімен және атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.
«ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы
06
март
2024
«ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы
Мектеішілік әдістемелік және дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес «ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы болып өтті. Сайыс барысында оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалап, эксперимент жүргізді.  
«ROBOT TIME» сабағы
01
март
2024
«ROBOT TIME» сабағы
1 наурыз 2024 жылы «STREAM» жоспарына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі Ж.Жубаеваның 7 сынып оқушыларымен «ROBOT TIME» сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: роботехникадағы идеяларды практикалық тұрғыда іске асыру үшін: танымдық, зияткерлік және шағармашылық қасиетттерді шыңдау. Міндеттері: ғылыми-техникалық бағыттағы креативті-шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру; Робототехника құрал-жабдықтары көмегімен зерттеу жүргізу нәтижелерін бағалай отырып ұсыну және қорғау дағдаларын ұштау.
"Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңі
29
февраль
2024
"Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңі
2024 жылдың 28 ақпан күні Талдықорған қаласында өткен "Robotek Grand Tournament" республикалық турнирінің облыстық кезеңіне мектебімізден  2 бағыт бойынша 2 команда қатысып, 2 команда да жүлделі орындармен марапатталды. І орын - "Stream Flash" командасы, 8А сынып оқушылары Ербол Айбар мен Батырбек Алижан ІІ орын - "Stream" командасы, 7Ә сынып оқушылары Бегнұр Қыран мен Әсет Ақтаң Жетекшісі  Жубаева Жансая Раисовна Жүлделі орын алған команда оқушылары турнирдің республикалық кезеңіне жолдама
Әдістемелік күн. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы(жобамен таныстыру)
28
февраль
2024
Әдістемелік күн. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен
"Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 28 ақпан күні әдістемелік күн болып өтті. Әдістемелік күнде мектеп директоры Гүлжан Оспанқызы педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы бұйрық жобасымен таныстырып өтті.
«Математикалық регата» олимпиадасы
23
февраль
2024
«Математикалық регата» олимпиадасы
2024 жылдың 23 ақпан күні Талдықорған қаласында өткен «Математикалық регата» олимпиадасына  математика пәнінің мұғалімі Мұқамет Жазиман қатысып, алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!