Әдістемелік жұмыстар » Страница 5 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Lesson study» зерттеу сабақтары
18
октябрь
2023
«Lesson study» зерттеу сабақтары
Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Мектепте Lesson Study циклін өткізу үшін 4А, 6Ә, 7Ә, 8А сыныптарында зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін топ құрылды. Әр топ өздерінің І цикл бойынша сабақтарын өткізді.  
Мектепішілік пән олимпиадасы
13
октябрь
2023
Мектепішілік пән олимпиадасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимипада қорытындысы негізінде оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
13
октябрь
2023
«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
2023 жылдың қазан айының 11-12 күндері  жас мамандар арасында мектепішілік «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын калыптастыру. Байқауға 12 жас маман қатысып, қорытындысы бойынша  Толеубекова Арайлым Кумисбековна- «Шығармашыл ұстаз» номинациясын,  О разхан Диана Оралханқызы- «Жаңашыл ұстаз»
Семинар-практикум
12
октябрь
2023
Семинар-практикум
Аудандық семинар-практикумға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Самихова қатысып, "Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу" тақырыбында шебер-сынып өткізді. Пән мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланды.
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
11
октябрь
2023
«Ақылдылар алаңы » интеллектуалдық сайысы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың және "Дарабоз" дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес мектепішілік "Ақылдылар алаңы" интеллектуалды сайысы болып өтті. Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекетін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сайысқа 8-10-сыныптар арасында 12 қатысушы қатысып, оқушылар арасындағы тартысты ойынның куәсі болдық. Мектеп оқушыларының интеллектуалды ойындарға қызығушылығы
"Үздік психолог" байқауы
05
октябрь
2023
"Үздік психолог" байқауы
04 қазан күні аудандық "Үздік психолог" байқауы болып өтті. Байқауға мектебімізден Ғали Айдана Есенғалиқызы қатысып, "Жас психолог" номинациясына ие болды. 
Аудандық "Жетісу жұлдызы" байқауы
27
сентябрь
2023
Аудандық "Жетісу жұлдызы" байқауы
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне орай "Жетісу жұлдызы" байқауы болып өтті Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.Мектебімізден аталған байқауға бастауыш сынып мұғалімі А.Касымбекова қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
«Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңі
15
сентябрь
2023
«Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңі
2023 жылдың 15 қыркүйек күні 8-11-сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының І (аудандық) кезеңіне Асылбайқызы Маржан,  Толқын Құзар,  Пазылжан Ұлпан,  Айқынұлы Ілияс қатысты.  Асылбайқызы Маржан 2 орынға ие болса, Толқын Құзар 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алды.  
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумы
31
август
2023
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері » дербес білім беру ұйымымен бірлесіп жас мұғалімдермен жүйелі жұмысты жандандыру мақсатында 2023 жылдың 24-25тамыз аралығында  Астана қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының базасында  «Жас ұстаз :табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумына мектебіміздің жас ұстаздары Сейденова М.А. және Шоранова Т.С. қатысты.Форумда жас ұстаздарға арнап педагогикалық квестер,тренингілер мен
“Болашақ” бастауыш сынып пән бірлестігінің “Білім баспалдағының шыңы - бастауыш” тақырыбында онкүндігі
23
январь
2023
“Болашақ” бастауыш сынып пән бірлестігінің “Білім баспалдағының шыңы
Қаңтар айының 23-і күні “Болашақ” бастауыш сынып пән бірлестігінің “Білім баспалдағының шыңы - бастауыш” тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтті. Ашылу барысында бастауыш сынып оқушылары білім, отан, ұстаз жайлы тақпақ, ән айтып өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарынан көрме өткізілді. Бастауыш сынып ұстаздары түрлі тапсырмалар әзірлеп оқушыларға ұсынды. Ашылу салтанатының соңында мектеп директоры Р.Н. Ибраимова оқушыларға сәттілік тіледі.