31
август
2023
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Назарбаев Зияткерлік мектептері » дербес білім беру ұйымымен бірлесіп жас мұғалімдермен жүйелі жұмысты жандандыру мақсатында 2023 жылдың 24-25тамыз аралығында Астана қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының базасында «Жас ұстаз :табысқа апарар жол» ІІ Республикалық жас мұғалімдер форумына мектебіміздің жас ұстаздары Сейденова М.А. және Шоранова Т.С. қатысты.Форумда жас ұстаздарға арнап педагогикалық квестер,тренингілер мен тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды.Сондай-ақ қатысушылар өз еңбек жолын құрып қана қоймай,өз әлеуетін іске асыру үшін жұмыс істейтін жас мотивациялық спикерлер Олжас Сулейменов,Азамат Оразбек,Мәулен Бектұрғанов,Мұхит Амантаев сынды тұлғалармен кездесіп,сұрақтар қоя алды.Жас ұстаздар форумнан алған әсерлерімен бөлісе отырып, «Тиімді жоспарлау мен оқу мен оқытуды бағалау», «Функционалдық сауаттылықты дамыту», «Мұғалім жұмысындағы зерттеулер»сынды тақырыптық алаңдар өткізілді.Жас ұстаздар форумға қатысудың өзі сәттілік екенін айта отырып,ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен «Галстуксыз әңгіме» еркін сұрақ-жауап жүргізілгенін мақтанышпен бөлісті.





