«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты
28
ноябрь
2025

«Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты




Мектебімізде 27 қараша күні интернат оқушылары арасында «Бостандық және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты — оқушыларға жеке бостандықтың мәнін түсіндіру, әрбір еркіндіктің белгілі бір жауапкершілікпен тығыз байланысты екенін ұғындыру, өз әрекетіне жауап беру мәдениетін қалыптастыру.
 Тәрбие сағаты барысында оқушыларға тақырып бойынша қысқаша түсіндірме беріліп, бостандық ұғымының түрлері (ой еркіндігі, сөз еркіндігі, таңдау еркіндігі және т. б.) мен олардың шектеулері талқыланды. Сонымен бірге жауапкершіліктің күнделікті өмірдегі рөлі, өз іс-әрекетінің салдарын түсіну, тәртіп сақтау, ортақ ережелерді құрметтеу жайлы пікірлер айтылды.