Оқушыларға » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу
04
март
2024
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторинг білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасының жүйелі бақылауы болып табылады. Осы орайда мектебіміздің 4-9 сынып оқушыларын дайындау үшін кестесі құрылып, жоспары бекітіліп, күнделікті жұмыстары жүргізілуде.
Театрдың ғажайып әлемі
29
март
2024
Театрдың ғажайып әлемі
STREAM кабинетінің жоспарына  сай көктемгі демалыс кезінде бос уақытты қамту және  оқушылардың дарындылығын үнемі дамытып отыру мақсатында наурыз айының 29 күні  қосымша білім беру педагогі  телестудия маманы А.Жакупов «Театрдың ғажайып әлемі» атты шығармашылық сабағы өтті. Оқушылар театрдың тыныс тіршілігімен танысты. Бірқатар оқушылар сахналық қойылым көрсетті.
Nobook, phet виртуалды зертханасы
29
март
2024
Nobook, phet виртуалды зертханасы
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 29 күні Химия пәнінің мұғалімі Г.Қайркен  Nobook, phet виртуалды зертханасының қолданылуы тақырыбында практикалық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты Оқу процесін жақсарту мақсатында интерактивті және визуалды құралдар арқылы химия пәнінен күрделі ұғымдарды түсіну мақсатында оқыту үшін Nobook, PhET виртуалды зертханасын пайдалану. Міндеті: әр түрлі химиялық және физикалық құбылыстарды визуализациялауға мүмкіндік
Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM элементтерін қолдану сабағы.
28
март
2024
Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 28 күні А.Нұрбекова  Биология сабағында зертханалық жұмыс пен модельдеуде STEM элементтерін қолдану тақырыбында 7-9 сынып оқушыларымен практикалық сабақ өтті. Оқушылардың биологияға, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Биология саласында технология мен техниканың қолданылуын көрсету. Биология сабағында STEM элементтерін қолдану.
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
27
март
2024
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 27 күні физика пәнінің мұғалімі Ш.Бейсембаева  электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу тақырыбында практикалық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қандай заттардың ерітінділері өткізгіш бола алатынын анықтап, токтың химиялық әсерін бақылады.
"Электр тогын қандай денелер өткізеді?" сабағы
19
март
2024
"Электр тогын қандай денелер өткізеді?" сабағы
19 наурыз 2024 жылы "STREAM" жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі М.Дауирова 4Б сынып оқушыларымен "Электр тогын қандай денелер өткізеді?" тақырыбында, физика пәнінің  мұғалімі Ш.Бейсембаева 7 сынып оқушыларымен физика пәнінде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында  сабақтары  өтті. Сабақ барысында оқушылар тоқ көзі жәшігінің құралдарын пайдалана отырып электр тогын өткізетін және өткізбейтін денелерді ажыратып, қосымша  тапсырмалар орындады. Алған теориялық білімдерін
«ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы
06
март
2024
«ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы
Мектеішілік әдістемелік және дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарына сәйкес «ROBO TIME- 2024» мектепішілік сайысы болып өтті. Сайыс барысында оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалап, эксперимент жүргізді.  
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау
06
март
2024
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау
1 сынып оқушыларының "мектепке бейімделу мақсатында" мектеп психологы жоспар бойынша жұмыс атқаруда. мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің даму барысын айқындау. Осы мақсатқа жетуде алдымызға төмендегідей міндеттер жүктелді: Сыныптармен және олардың сынып жетекшілерімен танысу, сынып туралы толық мәлімет алу. Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің пікірімен салыстыру.
"Буллинг және кибербуллингтың алдын алу"
06
март
2024
"Буллинг және кибербуллингтың алдын алу"
Мектептің педагог - психологы 9 - 11 сынып оқушыларымен "Буллинг және кибербуллингтың алдын алу" туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.