Оқушыларға » Страница 3 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
« Халықтық пішім негізінде киім үлгілерінің дизайыны. Тұтас жеңдер» тақырыбы
15
январь
2024
« Халықтық пішім негізінде киім үлгілерінің дизайыны. Тұтас жеңдер»
15 қаңтар 2024 жылы «STEM» кабинетінің жоспарына сәйкес «ART қолөнер» жобасы аясында технология пәнінің мұғалімі Б.Молдақымет  8- сынып оқушыларымен «Халықтық пішім негізінде киім үлгілерінің дизайыны. Тұтас жеңдер» тақырыбында қосымша сабағы өтті. Оқушылар  « Халықтық пішім негізінде киім үлгілерінің дизайыны. Тұтас жеңдер» тақырыбының мақсатымен және қауіпсіздік ережелерімен танысты. Оқушылар дайын тұтас жеңді киім  үлгілерін пайдаланып, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып киім үлгісін кесіп  
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы
15
декабрь
2023
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы
2023 жылдың 11-12 желтоқсан күндері аралығында  9-11-сынып оқушылары арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауына мектебімізден 11- сынып оқушысы Асылбайқызы Маржан (пән мұғалімі А.Кыдырманова), 10-сынып оқушысы Серікқызы Мадина (пән мұғалімі А.Дүйсебаева) қатысты. Қорытындысы бойынша Асылбайқызы Маржан ІІІ орын, Серікқызы Мадина "Креативті көзқарасы мен шығармашылығы үшін" номинация иегері атанды. 
«Тұғырлы тәуелсіздік» тақырыбында шығарма байқауы
15
декабрь
2023
«Тұғырлы тәуелсіздік» тақырыбында шығарма байқауы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың және «Дарабоз» мектепішілік дарынды балаларға арналған  жұмыс  жоспарына сай  мектепішілік 5-11 сыныптар арасында өткізілген «Тұғырлы тәуелсіздік» тақырыбында шығарма байқауы болып өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шығарма байқауына 5-11 сынып оқушыларынан жалпы 24 оқушы қатысты. Нәтижесінде үздік жазылған шығарма жеңімпаздары анықталып, мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-6 сыныптар бойынша I
«Парасат» математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі
07
декабрь
2023
«Парасат» математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі
2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың  06-15 желтоқсан аралығында   «Парасат» математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі өтуде. Мақсаты: математика, физика, информатика сабақтарында және сабақтан тыс шараларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың нақты пәндерге деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын жоғарылату және оқушылардың сыни, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру. Онкүндіктің ашылуы болып,
"Ұлылар мекеніне саяхат" тақырыбындағы танымдық кеш
30
ноябрь
2023
"Ұлылар мекеніне саяхат" тақырыбындағы танымдық кеш
2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес Қ.А.Ясауидің 930 жылдығына орай "Ұлылар мекеніне саяхат" тақырыбында оқушылар арасында танымдық кеш болып өтті. Кеш барысында тарих пәнінің мұғалімдері А.Құрайыш пен Қ.Сүлейменов   Қ.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдары туралы және ойшылдар  еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыруға бағыт-бағдар берді.
Жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада І КЕЗЕҢ (БАСТАПҚЫ)
20
ноябрь
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада І КЕЗЕҢ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың 12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде ауыл мектептерінің олимпиадасы тұңғыш рет ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында өткізіледі. Олимпиаданың ашылу салтанаты республика бойынша сағат 09.30-да басталады. 
"Дарын" және "Зерде" зерттеу жобалар байқауы
27
октябрь
2023
"Дарын" және "Зерде" зерттеу жобалар байқауы
Мектепішілік әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес 26 қазан күні  "Дарын" және "Зерде" зерттеу жобалар байқауы  болып өтті.  Мақсаты – балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және  оқушылардың жеке тұлғасының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру.                                                                Қатысушы оқушылар өздерінің жобаларын қорғап, оқушыларға кері байланыс берілді.
«Ақберен»   өнер байқауы
25
октябрь
2023
«Ақберен» өнер байқауы
2023 жылдың 24 қазанында  Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп-гимназия базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен»  республикалық  өнер байқауының облыстық  кезеңіне 8А сынып оқушысы Толқын Құзар қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.  
Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқау
19
октябрь
2023
Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқау
2023 жылдың 19 қазан күні  жасөспірімдер арасында Бейсен Құранбек атындағы аудандық шығармашылық байқауға 9-сынып оқушысы Жұлдыз Ердос, 11-сынып оқушысы Асылбайқызы Маржан, 10-сынып оқушысы Серікқызы Мадина қатысты. Байқау қорытындысы бойынша  Асылбайқызы Маржан мен Серікқызы Мадина жүлделі ІІ орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Пән мұғалімдері А.Кыдырманова мен А.Дүйсебаева. Оқушылармызға сәттілік!
Мектепішілік пән олимпиадасы
13
октябрь
2023
Мектепішілік пән олимпиадасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимипада қорытындысы негізінде оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.