Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада І КЕЗЕҢ (БАСТАПҚЫ) » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада І КЕЗЕҢ (БАСТАПҚЫ)
20
ноябрь
2023

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада І КЕЗЕҢ (БАСТАПҚЫ)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың 12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде ауыл мектептерінің олимпиадасы тұңғыш рет ағымдағы жылдың 20-30 қараша күндері аралығында өткізіледі. Олимпиаданың ашылу салтанаты республика бойынша сағат 09.30-да басталады. 
Олимпиаданың мақсаты-Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын айқындау. 
Мектеп бойынша-52 оқушы тіркелген. Олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік!