14
январь
2025
“Тәртіп - тәрбие бастауы” тақырыбында тәрбие сағаты

Е.Сиқымов атындағы орта мектебі жанындағы интернат оқушыларымен 14 қаңтар күні “Тәртіп - тәрбие бастауы” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.