Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
01
сентябрь
2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жер – жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрестің әлі де жалғасып жатқанын айта келе, қазіргі күрделі жағдайда әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу мақсатында дағдарысқа қарсы қабылданған жедел шаралар мен іс-қимыл жоспарын атап көрсетті. Мемлекет басшысы әр сала бойынша алдымызда тұрған ауқымды әрі күрделі міндеттермен бірге короновирус індетінің салдарынан білім алушыларды қашықтықтан оқытуға байланысты білім беру қызметінің тәсілі мен мазмұнының өзгеруі туралы айтты. Қашықтықтан оқыту кезеңінде сапалы білімге қол жеткізу үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.
Қандай жағдай болмасын оқушылардың білім алуына мүмкіндік жасау үшін барынша қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру мәселесі де назардан тыс қалған емес. Бұл ұстаздар қауымының алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан оқушыларға сапалы білім беріп, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін қосымша біліммен қамтамасыз етуге ерекше мән беруіміз қажет. Функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлай алатын, алған білімін тәжірибеде қолдана алатын, өзгермелі өмірге тез бейімделетін жеке тұлға тәрбиелеу – басты мақсатымыз.
Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі күнгі Жолдауын ұстаздар қауымы, біздің «Шоңай батыр» БПҰ-ның мүшелері бірауыздан қолдап, белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру ісіне өзіндік үлес қосып, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуге қашан да дайынбыз.
 Ибраимова Рахат Нығметбекқызы
 «Е.Сиқымов атындағы орта
 мектебі мектеп жанындағы
 интернатымен» КММ-нің директоры,
 Облыстық мәслихат депутаты,
 «Шоңай батыр» БПҰ-ның төрайымы.