04
сентябрь
2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауымен таныстыру
2019 жылдың 4 қыркүйек күні мектебіміздің директоры, облыстық мәслихат депутаты Ибраимова Рахат Нығметбекқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауымен жан-жаққа таныстырып өтті. «Біз жыл сайын мемлекет президентінің халыққа Жолдауын үлкен үмітпен күтеміз. Биылғы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы Жолдауы мемлекетімізді дамытуға, халқымыздың әлеуметті-экономикалық жағдайын нығайтуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр.

