Тұңғыш Президент күнінің тарихы мен тағылымы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2017

Тұңғыш Президент күнінің тарихы мен тағылымы

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Қазақ елінің Тәуелсіздігінің негізін қалап, қалыптастыру мен нығайту жолындағы тарихи миссия еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тікелей байланысты. Олай дейтініміз, мемлекеттілігіміздің негізін салушы ұлы тұлға өзінің сындарлы саясатының, көптеген әлемдік деңгейдегі жұмыстардың бастамашысы болумен қатар, елді жаңартуда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырды.Елбасының халық пен мемлекет игілігі жолындағы белсенді қызметі Отанға қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында мектебімізде арнайы жоспар бойынша көптеген іс-шаралар атқарылды.Тарқатып айтақ: 20-30 қараша күндері кітапханашы Ж. Мансурованың ұйымдастыруымен Тұңғыш Президенті күніне арналған « Менің Елім- менің Елбасым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп оқушылары көрмемен танысып, өз ойларын ортаға салды. 21қараша күні 2-11 сыныптар арасында « Тұңғыш Президентіміз – Ел бекемі » тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 21қараша күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларымен « Әлем деңгейіндегі саясаткер», « Ұлт мақтанышы - Елбасы»тақырыптарында көрме және кеш өтті. Оқушылар Елбасына деген құрметті өлең жолдарымен және арнаулармен жеткізді. 22 қараша күні 7-11 сыныптар арасында «Елдің атын ер шығарар» атты шығарма байқауы өтті. Шығарма қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде жазылды.Шығармаларды өте жақсы деңгейде жазған 7 сынып оқушылары Ерғали А, Сырлыбай Қ, Абылғазы А, 9 сынып оқушылары Жеңіс А, Бекішова Т, Жанат Л. 24 қараша күні « Қазағымның мақтанышы» тақырыбында сурет көрмесі өтті. 30 қараша күні аудандық семинарда 11- сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Шара барысында Елбасы туралы бейнематериал көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Оқушылар « Елбасы», « Бәйтерек», «ЭКСПО»деген үш топқа бөлініп, Елбасының балалық шағынан бастап, сарабдал саясаткер деңгейіне дейін мәлімет беріп, Елбасына хат, арнау өлеңдерін оқыды. Сыныптан тыс шара жоғары деңгейде өтті.
Сонымен бірге мектеп директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымының төрайымы Р.Н. Ибраимова ұжымымен және бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жиналыс өткізіп, тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлт көшбасшысы, әлем деңгейіндегі саясаткер ретіндегі бейнесі туралы айтты.
Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да Қазақстанның келешектегі дамуының негізгі басымдығы мен бағыты ретіндегі мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға және білім беруді жаңғыртуға ерекше назар аударылған. 23 қараша күні педагог-ұйымдастырушы Д.Б. Салиева 8-10 сыныптар арасында
«Рухани жаңғыру-Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қатысқан оқушылар Елбасы, Еліміздің тәуелсіздігі жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Елбасы .Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының еліміздің дәстүрі, ұлттық санасын қайта жаңғырту арқылы тәуелсіздіктің тұғыры биік болатыны жайлы ойларын жеткізді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында,жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, оның Отанына деген сезімін нығайту,жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар болашақта да жалғаса бермек.

«Е.Сиқымов атындағы орта мектебі
мектеп жанындағы интернатымен»
КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
«Шоңай батыр» бастауыш партия
ұйымының мүшесі Тұрсынқызы Н

Похожие публикации:

20 апрель 2017 Жаңалықтар