Авторлық мақалалар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2017

Авторлық мақалалар

Парасыз болашаққа. Бірге!

2017 жылғы 17 мамыр күні Ақсу ауданы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған облыстық және аудандық мобильдік топ мектептегі «Адал Ұрпақ» еріктілер тобының жұмысын көріп қайтты. 5-10 сынып оқушыларынан құрылған «Адал ұрпақ» тобы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Келген қонақтармен бірге аудан мектептерінің басшылары «Адал ұрпақ» тобының «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кеңейтілген шараның куәгері болды. Топ жетекшілері келген қонақтарды мектеп оқушыларының көрмесімен, «Адал ұрпақ» тобының жұмыс бағыттарымен, сурет және кітап көрмесімен таныстырды.

Өмір осы ақ пен қара таласқан,

Адалдыққа арамдық кеп санасқан.

Өмір – күрес, ей, адамзат баласы

Адамдарға тек адалдық жарасқан.

Мына заман – текетірес заманы.

Жемқорлық та меңдеп бәрін барады.

Тоқтатайық, жол бермейік адамдар.

Оятайық қоғам менен сананы, - деп адамзат баласын жемқорлыққа қарсы күреске шақырған жүрекжарды жыр адалдық пен адамдықтың тартыс биімен көркемделді. Жеңіп шыққан адалдық иесі кішкентай бүлдіршіндерді – адал ұрпақ мүшелерін сахна төріне шығарып, шара әдеби-монтажға ұласты.

10-сынып оқушылары – топтың ең белсенді мүшелері «Әділдік», «Шындық», «Адалдық» атты 3 топ болып, сайысқа түсті. Топ ұрандары, оның шумақтары айтылып, әр топ атауын постер арқылы өте мағыналы қорғап шықты. Әр топ өздерінің дайындаған таныстырылымдарын көрермендерге ұсынып, сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мағлұмат беріп, заңнамаларға да кеңінен тоқталды.

Көпшілік қауымға ерекше әсер еткені – көрсетілген бейнебаяннан кейінгі оқушылардың ойларын ортаға салып, өз пікірлерін өмірмен байланыста толғаныспен жеткізе білуі болды. Сонымен қатар түрлі жағдаяттарды шешу жолдарын саралап, көрініс көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты жазған өлең шумақтарын тарту етті. Шара оқушылардың шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Оқушылардың шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәжіліс залының безендірілуі, оқушылардың көрмесі, жазылған ұрандар эстетикалық талап пен жоғары талғамға сай болды. Бұл да мектеп ұжымының жұмысының жүйелі түрде ұйымдастырылуының нәтижесі.

Келген қонақтар шараны қорытындылай келе, «Адал ұрпақ» тобының жұмысына жоғары баға беріп, сәттілік тіледі. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі қашан да ең басты мақсатымыз болып қала бермек. Адал ұрпағы бар елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелерінің ел-елді, жер-жерді аралауы халық үшін оң нәтижесін көрсетуде, өйткені халық толғандырып жүрген сұрақтарын топ мүшелеріне жеткізіп, нақты жауаптарын алды. Биылғы оқу жылында осы мектептің «Адал ұрпақ» еріктілер тобы Ақсу ауданының атынан Талдықорған қаласында өтілген облыстық бірінші форумға қатысып, марапатқа ие болып қайтты. Бұл да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған үлкен шара болып табылады және үнемі жалғасын табуы- заман талабы.

 

 

Ибраимова Рахат Нығметбекқызы-облыстық мәслихат депутаты,

Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің директоры

Похожие публикации: