Авторлық мақалалар » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
ноябрь
2017

Авторлық мақалалар

Бақытты балалық шақ

Жерінде–бабасының,
Елінде – атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында – анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласымын,- деп ақын Е. Өтетілеуұлы жырға қосқан

қазақтың баласы-Ұлы Дала Елінің ұрпағы, бала әке-шешесінің перзенті. Бала-адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Бала жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл, қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнекті заңдардың өзі қағазға түспеген. Бұл – заңдық құжаттар.
Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы»,-деп бала тәрбиесіне үлкен мән беріледі. Сол сияқты бала құқықтары туралы Конвенцияда баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екенін, қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуі тиіс екендігі айтылады. Осындайда тағы да дана Абайдың сөзі ойға оралады: «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады».- деп бекер айтпаса керек. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Бүгінгі таңда білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған келелі мәселе жас ұрпаққа тек сапалы білім беріп қоймай, саналы тәрбие беру: алған білімдерін өмірде, тәжірибеде кеңінен қолдана білетін, сыни ойлай алатын, өз ойларын еркін жеткізетін креативті тұлға тәрбиелеу болып табылады. Баланың жан-жақты білім мен тәрбие алуына жағдай жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру- басты мақсат. Осы орайда мектеп қабырғасында тәрбие саласы бойынша ұйымдастырылатын әр шараның маңыздылығы ерекше. Жыл сайын дәстүрге айналған «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акцияның маңызы зор. Акция аясында мектебімізде «Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік», «Бақытты отбасы» тақырыптарында оқушылар арасында сурет көрмесі, «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. «Балалар түнгі қалада», «Көше», «Жасөспірім» атты ата-аналар қауымымен, жастар ұйымымен рейдтер ұйымдастырылып, «Балаларды ренжітуге және кемсітуге жол бермеу» тақырыбында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен және ІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу өтті. «Зорлық-зомбылыққап жол бермейік» тақырыбында ата-аналармен семинар-тренинг, барлық сыныптарда сынып сағаттары, «Балалық шақ-әдемі әлем» тақырыбында оқыту семинарлары ұйымдастырылып, оқушылардан сауалнама алынды. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды жастайынан мейірімділікке, қайырымдылыққа, патриоттыққа, елжандылыққа тәрбиелеу арқылы ұлт тәрбиелейміз. Гректің атақты философы Платонның сөзі еріксіз ойыңа оралады: «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»,- деген екен.Тәуелсіз мемлекетте алаңсыз бақытты өмір сүретін, жарқын болашаққа асқақ арманмен ұмтылатын, кемел келешекке сенетін, қоғам мен ата-аналарынан, жақындарынан қолдау табатын ұрпақ тәрбиелей отырып, рухы мықты қазақ деген Ұлы Дала Елінің ұрпағын тәрбиелейік.

 

Р.Н.Ибраимова - Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің директоры,

облыстық мәслихат депутаты.

Похожие публикации: