04
декабрь
2018
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарлы мақаласын түсіндіруге арналған кездесу
2018 жылғы 4 желтоқсан күні «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарлы мақаласын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әзімбай Ғали, «Алакөл-Қамқор» ҚБ жобалар жетекшісі Нусупова Рита Ахметқалиевна, «Алакөл-Қамқор» ҚБ жетекшісі Құрмаева Жібек Төлегенқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Айтбаев Амантай және мектеп ұжымы, қызметкерлер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Профессор Әзімбай Ғали мемлекетіміздің даму тарихына кеңінен тоқтала келе, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарлы мақаласының басым бағыттарын терең талдап, мазмұнды баяндама жасады. Келесі сөз кезегін алған Рита Ахметқалиевна «Алакөл-Қамқор» ҚБ жобалары туралы мағлұмат берді. Кездесуді мектеп директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Шоңай-батыр» БПҰ-ның төрайымы Р.Ибраимова қорытындылап, дана халқымыздың рухани құндылығы мен мәдениеті, тамырын тереңге жайған тарихы мен салт- дәстүрі туралы ой қозғай келе, білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. Мектеп қабырғасынан бастап оқушылар арасында өлкетану бағытындағы жұмыстарды дамыту ісіне үлкен мән берілетінін айтып, қонақтарға ұжым мен оқушылар атынан алғысын білдірді.


