Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2018

Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары

«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің
қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

02 қыркүйек 2017 жыл Жансүгіров ауылы

Өткен орны:
Е. Сиқымов атындағы орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:
10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңестің төрағасы
Г.Шатырбаева

Хатшы: Е. Сиқымов атындағы орта
мектебі директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
Г.Нұрлыбекова

Шақырылғандар: «Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі - 5, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 172, қоғамдық ұйымдар – 1, бұқаралық ақпарат құралының өкілі – 1 адам.

Қатынасқандар: 188 адам
Күн тәртібінде:

1. 2017-2018 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес бес күндік оқуға көшу туралы

Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп
жанындағы интернаттың директоры – Р.Ибраимова

2. Жаңа 2017-2018 оқу жылына қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын бекіту.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Г.Шатырбаева

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
Бірінші мәселе бойынша: Мектеп директоры 2017-2018 оқу жылындағы қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім департаментінің хатымен таныстырды. Қатынас хатқа сәйкес бес күндік оқуға көшу, сонымен қатар сабақтың ұазқтығы 40 минут болатындығы туралы таныстырып өтті. Осы мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Мұхамадиева сөйлеп, әр сыныптың апталық, сағат жүктемелерімен, сабақ кестесінің үлгісімен толық таныстырып өтті. Ата-аналар бұл мәселе туралы хабардар екенін айтып, ойларын ортаға салды.Осы мәселе бойынша сөз кезегін алған 3 а сынып ата-ана комитетінің төрайымы Өмірсейтіова Назгүл бес күндік оқытуға көшу бұл ата-аналар үшін тиімді, себебі, сенбі күні әр ата-аналар өз баласының қасында болатындығын айтып өтсе, 9 а сынып ата-ана комитетінің төрайымы Шатырбаева Гүлжан 1-11 сыныптағы бес күндік оқу ыңғайлы болатындығын айтып, бірақ түстен кейін оқитын 3а, 3ә, 5 а, 5ә, 6 а, 6 ә сыныптардағы сабақ уақытын бір сағат ерте бастаса деген ұсыныс білдірді.Ал, 5 а сынып ата-ана комитетінің төрайымы Қадирова Гүлнәр бес күндік сабақ кестесінің құрылғанын құптап, ата-ана мен баланың, мектеп пен ата-ананың байланысы нығая түсетінін атап айтты. Жиналысқа қатысушы ата-аналар комитетінің төрайымдары бес күндік сабақ кестесін бірауыздан қолдады.

Екінші мәселе бойынша: Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Г.Шатырбаева: Қамқоршылық кеңесі жұмысының жоспары 5 бөлімнен құрылғанын әлеуметтік жағдайына қарай көмек қажет ететін балаларға материалдық көмек беру жоспарланды.

Шешім:

1. 2017-2018 оқу жылынандағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім департаментінің хатына сәйкес бес күндік оқытуға және 40 минуттан оқытуға көшірілсін
2. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін.


Кеңес төрағасы Г.Шатырбаева

Хатшы Г.Нұрлыбекова















«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің
қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

14 қазан 2017 жыл Жансүгіров ауылы

Өткен орны:
Н.Есеболатов атындағы орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:
15.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңестің төрағасы
Г.Шатырбаева

Хатшы: Е. Сиқымов атындағы орта
мектебі директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
Г.Нұрлыбекова

Шақырылғандар: «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп әкімшілігі - 5, қамқоршылық кеңестің мүшелері - 9, ата-аналар – 16.

Қатынасқандар: 30 адам
Күн тәртібінде:

1. «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы.

Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп
жанындағы интернаттың директоры – Р.Ибраимова

2. Демеушілік тарапынан түскен қаржының жұмсалуы туралы.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Г.Шатырбаева

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша –
Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен КММ-нің директоры Р.Ибраимова: 2017 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралғында өткен
«Мектепке жол» Республикалық акция аясына ауданның 13 мекеме басшылары қатысып, 26 оқушыға 464600 /төрт жүз алпыс төрт мың алты жүз/ теңгеге мектеп формасы, оқу құралдарын алып берді. 3 этаппен өткен мектепшілік «қайырымдылық» акциясына барлығы 15 мұғалім қатысып 15 оқушыға түрлі деңгейдегі көмекті 31500 /отыз бір мың бес жүз/ теңгеге көрсетті.
Міндетті оқу қорынан бөлінен қаражатқа мектептің әлеуметтік төмен 13 қызға және 17 ұл балаға спорттық киім және спорттық аяқ киім алынып берілді. Жұмсалған ақша 116787 /жүз он алты мың жеті жүз сексен жеті / тенге, аз қамтылған отбасынан шыққан 7 сынып оқушысы Абдувалиев Рахимжан және Абдувалиев Алмасқа міндетті оқу қорынан бөлінген қаражатқа мектеп формасы және сөмке алдынды. Жұмсалған ақша 44000 /қырық төрт мың/ тенге. Тұлдыр жетім 9 сынып оқушысы Ілияс Аружанға қыстық куртка, Даут Нұржанға кроссовка алынып берілді. Жұмсалған ақша 7284 /жеті мың екі жүз сексен төрт/ тенге. Әлеуметтік төмен отбасынан шыққан 16 оқушы жазғы демалыс кезінде 11 шілдемен 21 шілде аралығында Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» тынығу лагеріне демалып қайтты. Жұмасалған қаражат 438392 / төрт жүз отыз сегіз мың үш жүз тоқсан екі/ тенге. Сонымен қатар 18 шілде мен 22 шілде аралығында Алакөл ауданындағы «Дем-ал» тынығу лагеріне 5 оқушы демалып келді. Барлығы 21 оқушы демалып қайтты.

Екінші мәселе бойынша – жеке кәсіпкер, мектеп түлегі Секенай Дауытов бастаған түлектердің демеушілігімен 350 мың теңге қаражатқа 50 түп қарағай, туя, арша, шырша ағаштары отырғызылып, мектеп түлегі ауданның құрметті азаматы Болат Еркеновтың демеушілігімен 100 мың теңгеге 4 түп шырша отырғызылды. «Мәңгілік ел » аллеясы ашылды. Мектеп директоры, облыстық маслихат депутаты Рахат Нығметбекқызы 150 мың қаражат көлемінде, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, мектеп түлегі Серікхан Жакупов 100 мың теңге көлемінде демеушілік жасап, мектептің ауласын абаттандыру мақсатында оқушылар демалатын орын жасалды. Алтынарық ауылының тұрғыны, кәсіпкер Тілеужанов Жетпісбай 100 / жүз мың/ тенгеге мәжіліс залының сахнасын жасап берді.

Шешім:

1. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастыру қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Демеушілер тарапынан түскен қаражат мақсатты жұмсалып, әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылар мен дарынды оқушыларға көмек көрсетілсін.



Кеңес төрағасы Г.Шатырбаева

Хатшы Г.Нұрлыбекова










«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің
қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 3 ХАТТАМАСЫ

16 ақпан 2018 жыл Жансүгіров ауылы

Өткен орны:
Е. Сиқымов атындағы орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:
16.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңестің төрағасы
Г.Шатырбаева

Хатшы: Е. Сиқымов атындағы орта
мектебі директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
Г.Нұрлыбекова

Шақырылғандар: «Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы - 40, қамқоршылық кеңес мүшелері - 9, ата-аналар – 20.

Қатынасқандар: 69 адам
Күн тәртібінде:

1. 2017-2018 оқу жылының 3 тоқсанында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары туралы

Қамқоршылық кеңестің мүшесі – М.Тыныбаева

2. 2018 жылдың 07 ақпаны күні Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің тарапынан өткен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі туралы.

Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп
жанындағы интернаттың директоры – Р.Ибраимова


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша – Қамқоршылық кеңестің мүшесі – Тыныбаева Маржан: Астана қаласында өткен «Мы.Наука. Казахстан» студенттер мен оқушылар арасында ғылыми-жоба байқауына 11 а сынып оқушысы Бөгенбай Сауле қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып қайтты. Оқушының қонақ үйі, жол ақысына 50 /елу мың/ теңге демеушілікпен мектеп директоры Р.Н.Ибраимова төледі.



Екінші мәселе бойынша – Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернаттың директоры – Р.Ибраимова
2018 жылдың 07 ақпаны күні Жансүгіров ауылындағы М.Байсақұлы атындағы мәдениет үйінде Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің ақпараттық – түсіндіру тобының тарапынан жиын өткізілді. Оған осы мектептегі шағын орталықтың аға тәрбиешісі, ата-аналар комитетінің және қамқоршылық кеңестің мүшелері қатынасты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Айтап айтып кетсем, Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің функционалдық міндеттері, Алматы облысының білім беру мекемелерінде 2017 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және ҚР БҒМ жұмыс барысы туралы ақпараттарды педагогтік және ата-аналар қоғамдастығы нақты түрде заманауи технологиялар арқылы жеткізу жолдары туралы айтылды. Осының ішіндегі төртінші мәселеге тоқталып өтсем, Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді. Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Осыған байланысты алдағы жаңа оқу жылында оқушылардың ақпараттық коммуникациялық техниканы меңгеру деңгейлерін арттыру мақсатында робототехника кабинетін жабдықтауға ықпал етулеріңізді сұраймын.

Шешім:

1. Мектеп, ата-ана, оқушы ынтымақтастығын арттыра отырып, қамқоршылық кеңестің жұмысы жандандырылсын.
3. Жаңа оқу жылында мектептен робототехника кабинетін ашу үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілсін.



Кеңес төрағасы Г.Шатырбаева

Хатшы Г.Нұрлыбекова




«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің
қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 4 ХАТТАМАСЫ

25 маусым 2018 жыл Жансүгіров ауылы

Өткен орны:
Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің базасы
Өткізілген уақыты:
10.00

Төрағалық еткен: Қамқоршылық кеңестің төрағасы
Г.Шатырбаева

Хатшы: Е.Сиқымов атындағы орта
мектебі директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
Г.Нұрлыбекова

Шақырылғандар: « Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы - 4, қамқоршылық кеңес мүшелері - 9, ата-аналар – 20.

Қатынасқандар: 33 адам
Күн тәртібінде:

1. 2017-2018 оқу жылында атқарылған оқу – тәрбие жұмысының қорытындысы.

Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп
жанындағы интернатының директоры – Р.Ибраимова


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша – Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатының директоры Р.Ибраимова: 2017-2018 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарын өткен оқу жылымен салыстыра отырып сараптама жасады. Мектептің білім сапасына, ҰБТ қорытындысына, грант иегерлері туралы, қашықтық және пән олимпиадасы, Дарын, КҒА, Зерде ғылыми жоба жарыстарындағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар үйірме, спорт секцияларының жұмыс барысы мен көрсеткіштері және қол жеткізген табыстары туралы баяндады. Сондай –ақ 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» акциясы аясындағы әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілер тарапынан 26 оқушыға 464600 /төрт жүз алпыс төрт мың алты жүз/ теңгеге мектеп формасы, оқу құралдарын алып берді. Астана қаласында өткен «Мы.Наука. Казахстан» студенттер мен оқушылар арасында ғылыми-жоба байқауына 11 а сынып оқушысы Бөгенбай Сауле қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып қайтты. Оқушының қонақ үйі, жол ақысына 50 /елу мың/ теңге демеушілікпен мектеп директоры Р.Н.Ибраимова төледі. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай мектеп директоры Р.Н.Ибраимова 3 а сынып оқушысы Тыныштық Бағжанның үйіне барып меркемен құттықтап қайтты. Сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г.М.Нұрлыбекова және әлеуметтік педагог Ә.Ж.Оспанбекова денсаулығына орай үйден оқитын 4 а сынып оқушысы Қанатбекқызы Зарина және 5 сынып оқушысы Шағадиева Аружанды мейрамдарымен құттықтады. Мектеп түлегі, Ақсу ауданының Құрметті азаматы Еркенов Болат 250000 /екі жүз елу мың/ теңгеге робот алып беріп, демеушілік жасады. .
Алдағы оқу жылда алда не істелінеді:

1. Кеңес мүшесі- Қасымбеков Нұрлан «Цифрлы Қазақстан» бағдараламасы аясында оқушылардың ақпараттық коммуникациялық техниканы меңгеру деңгейлерін арттыру үшін тағы 2 робот алуды ұсынды.
2. Кеңес мүшесі –Ғ.Ерғалиева мектебіміздің ІІ қабатына музей-бұрыш ашуды жоспарлауды ұсынды..
3. Кеңес мүшесі- Мукашова Әсем мектепке музыкалық апарат жоқ екенін айтып музыкалық апарат алуды ұсынды
4. Кеңес мүшесі-Шамажанова Нағима оқушыларға спорттық киім алуға ұсыныс айтты
5. Кеңес мүшесі-Даутов Сейтмұхамбет көгалдандыру жұмысын одан әрі жандандыруды ұсынды.


Кеңес мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қабылдады
Шешім:

1. 2017-2018 оқу жылында атқарылған оқу –тәрбие жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. 2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарына жоғарыда айтылған ұсыныстар енгізілсін.



Кеңес төрағасы Г.Шатырбаева

Хатшы Г.Нұрлыбекова