31
январь
2023
.
Қазақтың заңғар тұлғасы, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде "Ұлылар-елдің ұстазы" атты конференция болып өтті. Аталмыш шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.Алқалы жиынды мектеп директоры Ибраимова Р.Н ашып, жазушының қазақ қоғамына әлем әдебиетіне алар орны мен рөлі туралы өз ойын ортаға салды. Осыдан кейін директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Н.Кыдырманова М.Әуезов тағдыры мен шығармашылық жолы турасында, еңбектеріне кеңінен тоқталып өтті. Конференцияның екінші бөлімінде жиналған 11ә сынып оқушысы Қалиас Бурлен мен 10А сынып оқушысы Кеңесбай Маржан баяндама оқыды. Соңынан жас жеткіншектер әзірлеген көрініспен жалғасты. Атап айтқанда 7"а"сынып оқушылары "Абай жолы" драмасынан үзінді қойды. Жиын соңында оқушыларға жазушы өміріне байланысты сұрақтар берді. Алқалы жиынның соңында мектеп директоры Р.Н.Ибраимова шараны өткізуге атсалысқан ұстаздар мен жиналған жұртшылыққа алғысын білдірді.


