Материалы за 27.03.2024 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
27
март
2024
Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу
STREAM кабинетінің жоспарына сәйкес көктемдегі демалыс кезінде оқушылармен наурыз айының 27 күні физика пәнінің мұғалімі Ш.Бейсембаева  электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу тақырыбында практикалық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар қандай заттардың ерітінділері өткізгіш бола алатынын анықтап, токтың химиялық әсерін бақылады.
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
27
март
2024
Каникулдық мектеп. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі
Каникулдық мектептің іс-шара жоспарына сәйкес 27 наурыз күні директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кыдырманованың ұйымдастыруымен, пән бірлестік жетекшілері және топ мүшелерінің қатысуымен "Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесі" тақырыбында әдістемелік күн болып өтті. Әдістемелік күнде пән бірлестік жетекшілері өздерінің пән бірлестік жоспарларына сәйкес алға қойған міндеттерімен және атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.