10
февраль
2020
"Жетісу" телеарнасы, "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттер тілшілерінің келуі
07 ақпан күні облыс басшысының арнайы тапсырмасымен мектебімізге "Жетісу" телеарнасы, "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінің тілшілері келді. Мектеп жанындағы интернат өмірімен, өлкетану мұражайымен, жылыжаймен, моншамен, мектепте ашылған IT сыныбымен және оқушылардың бос уақытында айналысатын үйірмелердің жұмыстарымен кеңінен танысты. Мұғалімдердің сабақтары да, сыныптан тыс іс-шаралары да, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетасы да назардан тыс қалмады. Мектебіміздің жұмысы ауқымды: ресурстық орталықтың оқу-тәрбие үдерісі, мектеп жанындағы интернаттың және жалпы мектептің жұмысы көпшіліктің көңілінен шықты. Облыстық "Үздік интернат", облыстық "Үздік ауыл мектебі", облыстық "Үздік ресурстық орталық", "Оқу-тәрбие үдерісінің үздік жоспары" байқауларында мектебіміз жүлделі орынға ие болса, мектеп басшысы Р.Ибраимоваға облыстық "Үздік көшбасшы" байқауының жеңімпазы. Бүгінгі қуаныш - осындай жетістіктердің нәтижесі.






































