Озат тәжірибе мектебі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2025

Озат тәжірибе мектебі

Озат тәжірибе мектебінің  жылдық жоспарына сәйкес қазан айында кезекті отырысы болып өтті. Отырыста  Озат тәжірибе  жетекшісі  Б.Е.Болысбекова  "Педагогтер жарияланымдары:Академиялық жазылым бойынша нұсқаулық» тақырыбында таныстырылым жасап, баспаға ғылыми мақала таратудың  негізгі ерекшеліктерімен,  Алтынсарин академиясы басылымдарында мақала жариялау шарттарымен таныстырып өтті.  Оның ішінде  мақала жазу алгоритмі:  1. Тақырыпты таңдау; 2. Мақаланы жоспарлау және құрылымы;  3.  Әдебиетке шолу;  4. Мәтінді жазу; 5. Редакциялау және түзету;  6. Жариялауға дайындау;  7. Журнал редакциясымен кері байланыс  екендігіне ерекше тоқталып өтті.                                                            
Академиялық жазылым — тек жазу машығы емес, ол — ойлау, талдау және дәлелдеу қабілетін дамытатын маңызды құрал. Педагогтер осы бағытта сапалы әдістемелік қолдау көрсетсе, болашақ ұрпақтың ғылыми сауаттылығы мен білім деңгейі әлдеқайда жоғары болары анық. Сондықтан бұл бағыттағы жүйелі жұмыс — білім беру сапасының кепілі.