07
октябрь
2020
Ұстаздар мерекесі
Ұстаз! Осы бір сөздің түбінде - қаншама киелі құдірет, ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы не заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру - ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесін осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны ол ең алдымен - мұғалім. Осы Ұстаздардың төл мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды ардақтап мектебіміздің директоры Ибраимова Рахат Нығметбекқызы мен сынып жетекшілер, оқушылар құттықтады.








