12
сентябрь
2022
«Толағай» отбасылар сайысы
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым — қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Осы орайда Халықаралық Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында мектебімізде «Толағай» отбасылар сайысы өтті. Сайыстың кіріспесі мектеп директорының құттықтау сөзімен басталып, отбасылардың реттік нөмірлері анықталды.
Өнегелі отбасы ретінде ұл-қыздарының тәлім-тәрбиесіне зор мән беріп, мектепішілік шараларда белсенділік танытқан отбасылары марапаталып, бағалы сыйлықтар табысталды


