21
ноябрь
2024
Ақсу ауданы ТЖБ қызметкерлерімен "Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде" жоспарлы түрде сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
2024 жылы 21 қараша күні, Ақсу ауданы ТЖБ қызметкерлерімен "Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде" жоспарлы түрде сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығу өткізілу барысында мектеп ғимаратынан 1 минутта шығып үлгерді. Жаттығу кезінде оқушылар және кіші қызметкерлер арасында зардап шеккен және жарақат алғандар болған жоқ. Сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізу кезеңінде бірінші аусымда оқитын 266 оқушы, 26 кіші қызметкер, 49 мұғалім қатыстырылды.