Гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2023

Гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі

          Мектепішілік әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10 қазан – 20 қазан аралығында  гуманитарлық пән бірлестігінің онкүндігі  болып өтті.
        Тақырыбы:  Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру арқылы функционалдық сауаттылықтарын арттыру.
        Мақсаты: Білім алушылардың тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, танымдық дағдыларын жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру.
       10 қазан  күні пән мұғалімдері және оқушылардың қатысуымен  онкүндіктің ашылуы болды. Іс-шараға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойыша қойылған сұрақтарға, тапсырмаларға жауап берді. Дұрыс жауап беріп белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. 
         Онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізді. Функционалдық сауаттылығын, білім сапасын арттыру және оқушылардың сыни, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізілді.