"Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2024

"Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі

Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 31 қаңтарында "Мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу, кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, талантты мамандарды таңдау мақсатында "Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 11тәлімгерлер өздерінің 11 тәлім алушыларымен қатысты.
Әдістемелік жәрмеңке жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- Оқу үрдісі (сабақ барысы);
- Оқу тәрбие үрдісі (тәрбие бағытындағы жұмыс).
Қатысушылар ұсынылған бағыттар бойынша бір бағытты таңдап, келесі жұмыс түрлерін ұсынды: ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер-сынып, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, ортақ проект.
Байқау нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудандық кезеңге бастауыш сынып мұғалімі Қасымбекова Айнұр Ақылбекқызы мен тәлім алушы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразхан Диана жолдама алды.