02
ноябрь
2023
Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары (каникулдық мектеп)
02 қараша күні Е.Сиқымов атындағы орта мектеп базасында "Жетісу облысы білім басқармасы" ММ Әдістемелік орталығы педагогтердің білімін үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іс-шара болып өтті. "Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары" (каникулдық мектеп) тақырыбында бағдарламаға сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері (4-сынып), 9-сыныпта сабақ жүргізетін пәндердің мұғалімдерінің қатысуымен аталған шарада педагогтер тәжірибелерімен бөлісті. Осы облыстық семинарда жаратылыстану сауаттылығы бойынша "Жаратылыстану сабағында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында спикер, бастауыш сынып мұғалімі М.Мухамедиева шебер-сынып өткізіп, практикалық жұмыс жүргізді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін, өз қоржындарына өте құнды әдіс-тәсілдер мен зерттеу жұмыстарын алғандары туралы пікір білдірді.





