Біз туралы » Страница 16 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Аяз ата" балалар суреттерінің байқауы.
25
март
2021
"Аяз ата" балалар суреттерінің байқауы.
2020-2021 оқу жылындағы қысқы демалыс кезінде жоспарға сәйкес 6-7 сыныптар арасындағы "Аяз ата" балалар суреттерінің байқауы болып өтті.
Эссе және бейнебаян байқауы
25
март
2021
Эссе және бейнебаян байқауы
Мектепішілік 2-11 сынып оқушылары арасында 25 қараша -15 желтоқсан аралығында эссе және бейнебаян байқауы болып өтті. Белсенділік танытып, шығармашылық қабілетімен ерекшеленген оқушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
«Үздік сыныптан тыс іс-шара» атты байқауы
25
март
2021
«Үздік сыныптан тыс іс-шара» атты байқауы
Мектепішілік сынып жетекшілері арасында шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қашықтан «Үздік сыныптан тыс іс-шара» атты байқауы 25қараша -15желтоқсан аралығында ұйымдастырылып өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынға Сейденова М.Ә. 2-орынға Бакимбаева Г.М. 3-орынға Қыдырманова Б.Н. Алғыс хатқа Естаев Д.А. ие болды. Үздік деп танылған сынып жетекшілер марапатталып, сыйлықтар берілді.
"Бөбек" сауықтыру орталығы
25
март
2021
"Бөбек" сауықтыру орталығы
2020 жыл 03-24 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласы, Бостандық ауданы "Бөбек" Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына мектебіміздің 5 оқушысы барыпдемалып қайтты. Оқушылар үш апта уақыттарын өте тиімді әрі қызықты өткізіп, түрлі шараларға қатысып, кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Шебер сынып
26
ноябрь
2020
Шебер сынып
2020 жылдың 26 қараша күні мектепішілік шығармашылық топ пен қоғамдастықтың бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес "Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану" тақырыбында 10 - сынып оқушыларымен биология пәнінің мұғалімі Г. Молдабекова және химия пәнінің мұғалімі А. Маукенова шебер сынып өткізді. Пән мұғалімдері биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолданудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін тиімді қолдана отырып іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
16
сентябрь
2020
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Бейбітшілік пен ұлттар арасындағы достықты ерекше бағалайтын елімізде халқы Ассамблеясының орны бөлек. Биыл аталмыш ұйымның құрылғанына 25 жыл. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығы бойынша мектебіміздің директоры, облыстық мәслихат депутаты, "Шонай батыр" БПҰ-ның төрайымы Ибраимова Рахат Нығметбекқызы "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Жұмысыңызға табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыңызға қуаныш пен
Педагогикалық кеңес
19
август
2020
Педагогикалық кеңес
2020 жылғы 19 тамыз күні сағат 16:00 де Ақсу ауданындағы "Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде онлайн режимінде (Zoom платформасында) "2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігі мен педагог мамандар қатысты. Мектеп директоры Р. Ибраимова коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту
Облыстық семинар
03
март
2020
Облыстық семинар
    2020 жылдың 28 ақпан күні "Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" КММ-де "Ауыл жағдайында мектептің, мектеп жанындағы интернаттың және ресурстық орталықтың жұмысын үйлестірудің педагогикалық-психологиялық шарттары" тақырыбында облыстық семинар болып өтті.Семинар мектеп, мектеп жанындағы интернат, ресурстық орталықтың жұмысын үйлестірудің негізгі бағыттарын көрсетуді мақсат етті.    Семинарға келген қонақтарды мектеп директоры, Алматы облыстық мәслихат депутат
«Үздік сынып жетекші -2020» байқауы
12
февраль
2020
«Үздік сынып жетекші -2020» байқауы
11ақпан күні мектепішілік «Үздік сынып жетекші -2020» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, шығармашыл сынып жетекшілерді анықтау.  Байқауға 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері қатысты. Атап айтатын болсақ, Н.Аманжолды 5 «А» сынып жетекшісі, М.Сейденова 5 «Ә» сынып жетекшісі, Ш.Бейсембаева 6 «А» сынып жетекшісі, Д.Естаев 6«Ә» -сынып жетекшісі, Болат Айым 7 «Ә»- сынып жетекшісі, Г.Самихова 8 «А» сынып жетекшісі, А.Қыдырманова 9 «А»
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі"  байқауы
29
январь
2020
"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауы
27 қаңтар күні мектебімізде "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, ой өрісі биік, өзіндік жаңашыл идеясы бар, креативті, педагогикалық мәдениеті жоғары мұғалімді анықтау және өзара тәжірибе алмасу. 1-кезең: өзін-өзі таныстыру, 2-кезең: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-модель қорғау, 3-кезең: "Жаңашыл ұстаз-заман талабы" портфолио қорғау. Осы кезеңдер бойынша, әр қатысушы өз жұмысын жан-жақты таныстырып, модельдерін