Міндетті оқу қорынан бөлінетін ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы анықтама » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Міндетті оқу қорынан бөлінетін ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы анықтама
17
январь
2022

Міндетті оқу қорынан бөлінетін ыстық тамақпен оқушылардың қамтылуы туралы анықтама

2021-2022 оқу жылының ІІ жарты жылдығында  №168 бұйрығымен міндетті оқу қорынан бөлінетін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 48 бала. Тамақпен қамтылған оқушылардың әлеуметтік жағдайы жағынан көп балалы – 7  оқушы, АӘК алатын – 32 оқушы, қорғаншылықтағы  – 1 оқушы, жартылай жетім оқушылар – 3  және аз қамтылған отбасы – 4 оқушы, толық емес отбасы – 1 оқушы. Тамақ ішетін оқушылар 1-9 сынып аралығындағы оқушылармен қамтылды. Оның ішінде 1-4-сыныптан 31 оқушы, 5-9-сыныптардан 17 оқушы. 1- сыныптардан   9 оқушы, 2-сыныптардан – 9 оқушы, 3-сыныптардан – 7 оқушы, 4-сыныптардан – 6 оқушы, 5-сыныптардан – 6 оқушы, 6-сыныптардан – 3 оқушы, 7-сыныптардан – 4 оқушы, 8-сыныптардан – 2 оқушы, 9-сыныптардан – 2 оқушы.Әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз жұмыс жасай отырып, тамақ ішетін оқушылардың толығымен іс-қағаздары жинақталып, тексерілді. Ата – аналардың өтініштері жинақталып, мектеп тарапынан анықтамалар беріліп, тіркеу журналдарына жазылды. Күнделікті 1 ауысым бойынша 22 оқушы сағат 11:00-ден бастап және 2-ауысым бойынша 26 оқушы сағат 14:00-ден бастап мектеп асханасында тамақ ішеді. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын, оқушылардың күнделікті ыстық тамақ ішуін  мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті әлеуметтік педагог   А.Е.Матенова тексеріп тұрады. Бастауыш сынып жетекшілерінен оқушыларды тамаққа апару және мектеп әкімшілігінен кезекшілік кестесі жасалып, бекітілді. Жеке кәсіпкер А.С.Тоғасованың ыстық тамақпен қамтылу туралы іс- қағаздары жинақталып бір жүйеге келтірілген.