Мектепішілік ата-аналар жиналысы » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2019

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

2019 жылдың 25 қазан күні мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. І тоқсан оқу тәрбие жұмысын ДОІЖО Гүлназ Намазбекқызы мен ДТІЖО Гүлжан Мейрамғалиқызы қорытындылады.Тарих пәнінің мұғалімі Құрайыш Арыс "Ислам дініне жат ағымдар деген кімдер, олардан қалай қорғануға болады?" деген тақырыпта баяндама оқып, бейнебаян көрсетті. Мектеп медбикесі С.Сәрсебаева "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыбында таныстырылым көрсетті. Мектеп психологы Р.Баймолдаева ата-аналардан "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі" тақырыбында сауалнама алды. Мектеп директоры Р.Н.Ибраимова ата-аналарға оқушылардың суық қару ұстамауын қадағалауды тапсырды (бәкі,пышақ).Оқушылардың күзгі демалысқа кетулеріне байланысты ата-аналардан өмір қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында қолхаттары алынды.