05
март
2022
«Ана деген тіршіліктің тірегі»
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын – деп талай ақын – жазушыларымыз жырлағандай 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 – наурыз күні «Ана деген тіршіліктің тірегі» тақырыбында мектепішілік іс – шара жоспары құрылып ұйымдастырылды. Іс – шарада мектептің 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушылары және мектеп жанындағы интернат оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман - саумысың» дегендей мектебіміздің ардагер ұстаздарына құрмет көрсетілді.



Ана деген – бастауы ұлылықтың.