«Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында кездесу » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында кездесу
22
апрель
2021

«Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында кездесу



2021 жылдың 20 сәуір күні тәрбиенің жылдық жоспарына сәйкес Ақсу ауданының ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Иманқұлов Аслан Бауыржанұлымен 7-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екенін басып айтты. Кездесуде оқушылар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан себепсіз қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.