«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту» жобасы аясында республикалық онлайн алаң » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту» жобасы аясында республикалық онлайн алаң
29
январь
2025

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту» жобасы аясында республикалық онлайн алаң

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту» жобасы аясында республикалық онлайн алаң

29 қаңтар күні «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің əлеуетін дамыту» жобасы аясында педагогтердің тəжірибе алмасу республикалық онлайн алаңы болып өтті. Қатысушы білім беру ұйымы педагогтерінің тәжірибе алмасу онлайн алаңының ашылуында Білім беруді тұрақты дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Күлəш Ноғатайқызы Шəмшидинова, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дауенов құттықтау сөз сөйледі. Онлайн алаңда педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері  12 пәндік секцияларда әр пән бойынша сессия залдарында педагогтер шеберлік сабақтарын жүргізіп отырды. Осы республикалық онлайн алаңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыдырманова Ардагуль Нурхановна «Мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын өтіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Жұмыс соңында кері байланыс берілді.