«Ауылдық жерлердегі тірек мектептеріне әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасы аясында барлық ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастырылды. » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ауылдық жерлердегі тірек мектептеріне әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасы аясында барлық ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастырылды.
29
декабрь
2022

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептеріне әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасы аясында барлық ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастырылды.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептеріне әдістемелік қолдау» қайырымдылық жобасы аясында барлық ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастырдық. Ата-аналар барлық пән кабинеттері мен жаңадан ашылған ART Hall, Intellectum-Hall, STEM- лабораториясы, робот технологиясы, хореография залы, телестудио, кітапхана, дефектолог, психолог, логопед, ғылыми-әдістемелік кабинеттерімен танысты. Оқушылардың сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалынды. Мектептің жаңа заман талабына сай жабдықталуы, материалдық-техникалық базасының жаңартылуы ата-аналарды ерекше қуанышқа бөледі. Мектеп ұжымына алғыс білдіре отырып, жақсы тілектері мен ыстық лебіздерін білдірді. Жаңа 2023 жыл біздің ұжым үшін  жағымды жаңалықпен басталғаны тұр.  Ия, алдымызда жоспарланған жұмыс толып жатыр. Ол үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап етеді. Сондықтан, ұжым, ата-ана, оқушы болып жұдырықтай жұмылып бірлесе  еңбек етеміз.