08
сентябрь
2025
«IQanat» олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесу
Мектебімізде республикалық «IQanat» олимпиадасының грант иегері Әбіш Ернұр мен олимпиаданың үшінші орын жүлдегері Айдынбек Таңдананың 8-сынып оқушыларымен кездесуі өтті.
Жүлдегерлер оқушыларға олимпиаданың мақсаты мен мүмкіндіктерін таныстырып, кезеңдері мен жарыс барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті. Сонымен қатар олар 8-сынып оқушыларын алдағы уақытта осы олимпиадаға қатысып, өз бақтарын сынауға шақырды.
Жақын күндері оқушыларымыз аудандық кезеңге қатысып, өз білімдерін көрсететін болады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!