Ақпарат » Страница 3 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ресурс бойынша көктемгі сессия
30
март
2021
Ресурс бойынша көктемгі сессия
2020-2021 оқу жылындағы ресурс бойынша көктемгі сессияда тәрбие саласы бойынша қашықтық форматта 26 наурыз күні «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты танымдық тәрбие сағатын Қаракемер орта мектебінің мұғалімі С.Т.Алибаев, 27 наурыз күні «Отан тарихындағы 30 жыл» атты тарихқа саяхатты оқушыларға Кеңжыра орта мектебінің мұғалімі Г.А.Омарсағымова өткізіп, 29 наурыз күні «Қазақстанның 30 жылдығына жеткен жетістіктері» атты презентациялық таныстырылыммен Қ.Терібаев атындағы орта мектебінің
"Ерікті болу-ерлік" көмек көрсету
28
март
2021
"Ерікті болу-ерлік" көмек көрсету
"Қазақстан балалары-көктем шақырады!" атты іс-шара жоспарына сай "Ерікті болу-ерлік" көмек көрсету мақсатында мектеп оқушылары ауданымыздың тұрғыны, қарт ана Найманбаева Жұмахан апаның үйіне барып, үй-жайының маңайын тазалап, шаруашылығына көмек көрсетті. Апамыздың ақ батасын алып, өз көмегімізді берудің өзі біз үшін үлкен мәртебе.
"Терезедегі бақ" тақырыбында табиғатқа байланысты сурет байқауы өткізілді.
28
март
2021
"Терезедегі бақ" тақырыбында табиғатқа байланысты сурет байқауы
«Қазақстан балалары – көктем шақырады!» көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында 24 наурыз күні 5-7 сынып оқушыларыарасында "Терезедегі бақ" тақырыбында табиғатқа байланысты сурет байқауы өткізілді.
"Біз күштіміз, біргеміз!" атты спорттық- эстафеталық сайысы өтті.
28
март
2021
"Біз күштіміз, біргеміз!" атты спорттық- эстафеталық сайысы өтті.
Мектебімізде наурыздың 18 күні "Жас Ұлан" балалар мен жасөпірімдер ұйымының жұмыс жоспарына сай, оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Біз күштіміз, біргеміз!" атты спорттық- эстафеталық сайысы өтті. Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтама беріліп, сыйлықтар табыс етілді.
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекеге орай  ашық тәрбие сағаттары өткізілді
28
март
2021
«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекеге орай ашық тәрбие сағаттары
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» құтты болсын! Мерекеге орай сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
19-наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні
28
март
2021
19-наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Наурыз" мейрамын тойлау тұжырымдамасы бойынша мектепішілік жоспарға сәйкес 19-наурыз - Шымырлық пен шеберлік күніне орай спорттық іс-шаралар өткізілді.
"Қазақстанның  30 жылда  жеткен жетістіктері" атты презентациялық таныстырылым
28
март
2021
"Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері" атты презентациялық
Мектепішілік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты 5-11 сынып оқушыларына директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Нұрлыбекова Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру мақсатында онлайн форматта "Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері" атты презентациялық таныстырылыммен таныстырды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
28
март
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды ұсынуына орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында әр сыныпта оқитын шығармалары бойынша жоспар құрылды. Жоба бойынша іс-шаралар өтілуде. Соның бірі 2ә сынып оқушыларының Ыбырай Алтынсаринның "Әке мен бала" туралы әңгімесін оқып аяқтап, әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетті.
"Дін - ұлттық құндылықтарымыздың негізі" тақырыбында кездесу.
28
март
2021
"Дін - ұлттық құндылықтарымыздың негізі" тақырыбында кездесу.
Бүгін яғни 17-наурыз 2021 жылы "Дін - ұлттық құндылықтарымыздың негізі" тақырыбында "Алматы облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ-нің дінтанушысы Асанов Ақжол мен Ноғайшаев Фархат Қанатұлы 9-10 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында экстремизм мен терроризмнен аулақ болу туралы мәселелер айтылып, оқушыларға түсіндірілді.
16-наурыз - Шежіре күні
28
март
2021
16-наурыз - Шежіре күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Наурыз" мейрамын тойлау тұжырымдамасы бойынша мектепішілік жоспарға сәйкес 16-наурыз - Шежіре күніне орай сыныптарда танымдық сағаты өткізілді.