Ақпарат » Страница 2 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Әдістемелік сандықша» байқауы
15
ноябрь
2023
«Әдістемелік сандықша» байқауы
2023 жылдың 14 қараша күні аудандық «Әдістемелік сандықша» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: арнайы түзету-дамыту бағыты бойынша жеке, топтық бағдарламаларын құрастыратын, тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізетін арнайы педагогтерді анықтап, озат тәжірбиені тарату. Байқауға арнайы маман, логопед Тельгозина Арай қатысып, жүлделі І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. 
«Шабыт» жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігі
13
ноябрь
2023
«Шабыт» жаратылыстану пән бірлестігінің онкүндігі
2023-2024 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың  13-24 қараша аралығында   «Шабыт» жаратылыстану (химия, биология, география, тарих) пән бірлестігінің онкүндігі өтуде. Онкүндіктің ашылуы болып, іс-шара барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады.
Әдістемелік күн. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан педагогтердің іс-тәжірибесінен
09
ноябрь
2023
Әдістемелік күн. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға
2023 жылдың қараша айының 02-03  күндері Астана қаласында өткен «Ауыл мектептерінің гүлденуі-қоғамның игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Г.Дауренбекова, Ш.Бейсембаева,  А.Касымбекова, Н.Аманжол барып қайтты. Мектепте әдістемелік күн ұйымдастырылып, конференцияға қатысқан әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеу жұмыстарын көрсетті.
«Педагогикалық дебют-2023» байқауы
09
ноябрь
2023
«Педагогикалық дебют-2023» байқауы
2023 жылдың 08 қараша күні мектепішілік  жас мамандарға арналған «Педагогикалық дебют-2023» байқауы  болып өтті. Бұл байқау жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. І орынды бастауыш сынып мұғалімі Дауирова Мадина, ІІ орынды химия пәнінің мұғалімі  Қайркен Гүлнұр, ІІІ орынды МАД тобының тәрбиешісі  Тасыбекова Мадина иеленді.
«Ақберен»   өнер байқауы
25
октябрь
2023
«Ақберен» өнер байқауы
2023 жылдың 24 қазанында  Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп-гимназия базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен»  республикалық  өнер байқауының облыстық  кезеңіне 8А сынып оқушысы Толқын Құзар қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.  
9-мамыр - Жеңіс күні
11
май
2021
9-мамыр - Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл міне 76-шы жыл. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де "Жеңіс" деген сөз жүрекке соншалықты ыстық, көңілге соншалықты жақын сезіледі. Адамзат тарихында алтын әріппен жазылып қалатын "Ұлы жеңіс" жыл өткен сайын құрметпен аталып, даралана бермек. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ер жүрек ерлеріміз Отан үшін отқа түсіп, жанқиярлықпен күресті. Бүгінгі ұрпақ осынау ер жүрек ерлердің алдында мәңгілік қарыздар. Осы мерекеге орай мектебімізде "Ардагерлер -
«Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында кездесу
22
апрель
2021
«Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен
2021 жылдың 20 сәуір күні тәрбиенің жылдық жоспарына сәйкес Ақсу ауданының ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Иманқұлов Аслан Бауыржанұлымен 7-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері мен оның еліміздегі маңызы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кездесу өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы
"Мемлекеттік рәміздер - ұлттың болашағы"атты презентациялық таныстырылым
22
апрель
2021
"Мемлекеттік рәміздер - ұлттың болашағы"атты презентациялық
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау мақсатында тәрбиенің жылдық жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Ж.Мансурова 2-11 сынып оқушыларына онлайн форматында "Мемлекеттік рәміздер - ұлттың болашағы"атты презентациялық таныстырылыммен таныстырды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай 30 жеміс ағашы
12
апрель
2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай 30 жеміс ағашы
Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай мектепішілік жоспарға сәйкес мектеп директорының бастамасымен ұжымның қолдауымен 10 сәуір күні 30 жеміс ағашы отырғызылды.
Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
08
апрель
2021
Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Е. Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 – 2021 оқу жылының 07 сәуір күні ЗУМ платоформасымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. ІІІ тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы ДОІЖО: Г.Н.Дәуренбекова ДТІЖО: Г.М.Нұрлыбекова 2. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықты жою, білім шығынын толықтыру мақсатында мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Мектеп директоры: Р.Н.Ибраимова 3. Әртүрлі мәселер