11
май
2021
9-мамыр - Жеңіс күні





Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл міне 76-шы жыл. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де "Жеңіс" деген сөз жүрекке соншалықты ыстық, көңілге соншалықты жақын сезіледі. Адамзат тарихында алтын әріппен жазылып қалатын "Ұлы жеңіс" жыл өткен сайын құрметпен аталып, даралана бермек. Ел басына күн туған қатерлі шақта миллиондаған ер жүрек ерлеріміз Отан үшін отқа түсіп, жанқиярлықпен күресті. Бүгінгі ұрпақ осынау ер жүрек ерлердің алдында мәңгілік қарыздар. Осы мерекеге орай мектебімізде "Ардагерлер - асыл ерлер" атты ардагерлермен кездесу өтті. Кездесуімізге Ауған соғысының ардагерлері Оспанов Мұрат Өзенбайұлы мен Есбатыров Асхат ағамыз келді. Алғашқы сөзді мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Ибраимова Рахат Нығметбекқызы құттықтау сөзімен бастап, оқушыларымыз концерттік бағдарламаларын тарту етті. Оқушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, жақсы пікір алмасу болды. Ардагерлердің ерлік істері жас ұрпаққа үлгі өнеге. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде осындай кездесулердің рөлі ерекше.