Ақпарат » Страница 4 » "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Е.Сиқымов атындағы орта мектебі "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
28
март
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды ұсынуына орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында әр сыныпта оқитын шығармалары бойынша жоспар құрылды. Жоба бойынша іс-шаралар өтілуде. Соның бірі 4 сынып оқушыларының "Жиренше шешен" туралы әңгімелерін оқып аяқтап, әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетті.
«ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ» атты адалдық сағаты өтті.
28
март
2021
«ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ» атты адалдық сағаты өтті.
"Е.Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «ТУРАЛЫҚТЫ ТҰҒЫР ЕТКЕН ТӨЛЕ БИ» атты адалдық сағаты өтті.«Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.
Сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
28
март
2021
Сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
12 наурыз 2021 жылы мектебімізде кезектен тыс сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Осы оқу-жаттығулар өткізу кезінде 20 мұғалім және 130 оқушы қатысты.
14-наурыз-Көрісу күніне орай сыныптарда танымдық сағат өтті.
28
март
2021
14-наурыз-Көрісу күніне орай сыныптарда танымдық сағат өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ""Наурыз" мейрамын тойлау тұжырымдамасы бойынша мектепішілік жоспарға сәйкес 14-наурыз-Көрісу күніне орай сыныптарда танымдық сағат өтті.
"Ару қыз - 2021" атты онлайн  байқауы болып өтті.
28
март
2021
"Ару қыз - 2021" атты онлайн байқауы болып өтті.
Мектепішілік жоспарға сәйкес 01-05 наурыз аралығында 2-8 сынып оқушылары арасында "Ару қыз - 2021" атты онлайн байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты - жас ұрпақ қыз балалардың бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сіңіру. Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайылығын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді. Әділқазы алқалары қорытындысын шығарды. Мектеп директоры Рахат Нығметбекқызы оқушыларды мадақтап, сыйлықтарды табыс етті.
"Танымдық-шығармашылық ойындар" атты тренинг сабағы  өткізілді.
28
март
2021
"Танымдық-шығармашылық ойындар" атты тренинг сабағы өткізілді.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мұғаліммен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін психолог алдында тұрған ертеңгі болашақ ұрпақ деп қарап, баланың мінез құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек. Осы орайда мектеп психологі Баймолдаева Роза Келгенбайқызы мектеп
8 наурыз - Халықаралық  аналар мерекесі
27
март
2021
8 наурыз - Халықаралық аналар мерекесі
8 наурыз - Халықаралық аналар мерекесіне орай мектеп оқушылары ардагер ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін айтып қайтты.
Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды мұражайы
27
март
2021
Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды мұражайы
Мектепішілік жоспарға сәйкес Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында орналасқан, ақынға арналып ашылған, әдеби-мемориалды мұражайына оқушыларға виртуалды саяхат жасалынып, таныстырылды. Оқушылар пікірлерін айтып бөлісті.
1 наурыз - Азаматты қорғаныс күні
27
март
2021
1 наурыз - Азаматты қорғаныс күні
Алматы облысы Ақсу ауданы "Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 наурыз - Азаматты қорғаныс күніне орай өткізілген бірыңғай тәрбие сағаттарынан көрініс. Мақсаты: мектеп жасындағы жасөспірімдерге табиғи апат Қар көшкіні кезінде қорғану жаттығулары туралы түсінік беру.
"1 наурыз - Алғыс айту" күні
27
март
2021
"1 наурыз - Алғыс айту" күні
"1 наурыз - Алғыс айту" күніне орай мектебіміздің жоспарына сай 2-10 сыныптар арасында "Алғыста шек болмайды" атты тәрбие сағаттары, 7-8 сынып оқушылары арасында "Мен алғыс айтамын!" атты шығарма байқауы, 9-11сынып оқушылары арасында "Алғыс шексіздікті білмейді" атты эссе байқауы, 5-8 сынып оқушылары арасында Жүрек бояуларымен сурет саламыз" атты сурет байқауы өткізілді.