Алғыс айту күні
Бүгін көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнін атап өтеміз. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. «Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» КММ – нің мәжіліс залында «Шонай батыр» бастауыш партия ұйымының 6 топ мүшелері түгелімен қатысып, үлкен іс-шара өтті. Іс – шарада мектеп оқушылары, қызметкерлері мерекелік концерт қойды. Іс-шара соңында мектеп директоры, «Шонай батыр» бастауыш партия ұйымының төрайымы Р.Н.Ибраимова БП ұйымының мүшелерін 1 – Наурыз Алғыс айту мерекесімен құттықтап отбасыларына табыс, береке – бірлік, толағай табыс тіледі.


